Mela
Іске асырылған жарықтандыру жағдайы
Не істелді
Mela мейрамханасында жарықтандыруды таңдауға барынша жауапкершілікпен қарап, тағамды көрген сәтте-ақ тәбет ашатындай атмосфера қалыптастырдық — дәл Гордoн Рамзи өзі-ақ «лайк» басқандай әсер береді.
Осы мақсатта сәуле бұрышы реттелетін споттарды қолдандық (5°-тан 60°-қа дейін): бұл жарықты дәл тағамның өзіне бағыттап, оны көзге одан әрі тартымды етіп көрсетеді. Triaс жарық басқару жүйесінің көмегімен қызметкерлер тәулік уақытына және іс-шара сценарийіне қарай жарық деңгейін оңай өзгерте алады.
Төбедегі қуыстар мен баспалдақтарды айқындау үшін иілгіш лента пайдаланылды — ол нүктелік дақ қалдырмай, жұмсақ әрі біркелкі жарық береді. Жарықтандыру — жай ғана шамдар жиынтығы емес. Бұл — эмоция, жайлылық және мекемеңіздің стилі.