Асүйдегі жұмыс аймағын жарықтандыру: лента, профиль және қорек көзі блогын қалай таңдау керек
Асүйдегі жұмыс беті дұрыс әрі жеткілікті жарықты қажет етеді. Көп жағдайда бір ғана төбедегі шам жеткіліксіз: үстелше жанында тұрған адам жарықты бөгеп, көлеңке түсіреді де, жұмыс істеуге кедергі болады.
Ал аспалы шкафтардың астына орнатылатын жеке жарықтандыру сәулені тікелей жұмыс аймағына бағыттайды — өнім турау, рецепт оқу және тазалық сақтау әлдеқайда ыңғайлы болады.
Неден бастау керек?
Алдымен болашақ жарықтандырудың ұзындығын, шкафтың төменгі беті мен үстелшенің арақашықтығын, сондай-ақ қорек көзі блогын қоятын орынды және сымдардың өтетін бағытын анықтап алыңыз.
Негізгі жинақ төрт бөліктен тұрады:
- LED-лента;
- диффузоры (экран) бар алюминий профиль;
- қорек көзі блогы;
- басқару құрылғысы.
Сонымен қатар монтаж сызбасына сай таңдалған сымдар мен қосқыштар қажет болады.
LED-лентаны қалай таңдау керек
Жарықтылық және қуат
Лентаның 1 метріне шаққандағы жарық ағыны (лм/м) — оның қанша жарық беретінін көрсетеді. Ал 1 метрге шаққандағы қуат (Вт/м) ең алдымен қоректендіруді есептеу және профильді дұрыс таңдау үшін керек. Қуаты бірдей болғанымен, әртүрлі ленталар жарықты әрқалай беруі мүмкін. Толығырақ — ватт пен люмен туралы мақалада.
Жұмыс аймағына бастапқы таңдауда шамамен 1000–2000 лм/м деңгейіндегі ленталарды қарастыруға болады. Бұл — бағдар ғана: нақты нәтиже орнату биіктігіне, профильдің орналасуына және диффузордың қасиеттеріне байланысты.
Түс температурасы
Жұмыс аймағы үшін 4000 К шамасындағы бейтарап ақ жарық — ең әмбебап бастау нүктесі. Егер асүй жылы реңктерде жасалып, жалпы жарықтандыру да жылы болса, 3000 К нұсқасын қарастыруға болады. Ал жағдайға қарай атмосфераны өзгертіп отыру маңызды болса, бір профильге екі LED-лентаны — бірін жылы, екіншісін бейтарап — қатар орнатуға болады. Сонда қажетті реңкті өзіңіз таңдайсыз.
Түстерді беру (CRI)
CRI индексі өнімдердің және беттердің түстері қаншалықты табиғи көрінетінін бағалауға көмектеседі. Жұмыс аймағы үшін CRI 90 және одан жоғары модельдерді қарастыруды ұсынамыз. Түс температурасы мен CRI — екі бөлек параметр: бейтарап реңк өздігінен жоғары түсті беру сапасын кепілдемейді.
Жарық сызығының біркелкілігі
Кәдімгі SMD-ленталарда диффузор арқылы жеке диодтар байқалып қалуы мүмкін, әсіресе профиль таяз болса. Нәтиже диодтар арақашықтығына, профильдің тереңдігіне және экранның қасиеттеріне тәуелді. Егер көзге «үзілмейтін» тұтас жарық сызығы аса маңызды болса, COB-лентаны қарастырған дұрыс.
Кернеу және ұзындық
Жаңа жүйе үшін 24 В лентаны қарастыру ыңғайлы. Қуаты бірдей жағдайда ол 12 В лентаға қарағанда аз ток тұтынады, бұл сымдардағы шығынды төмендетуге көмектеседі. Дегенмен үздіксіз бір желінің рұқсат етілетін ұзындығы нақты модельге және қоректендіру сызбасына байланысты.
Егер жарық сызығы ұзын болса, өндіруші нұсқаулығын алдын ала тексеріңіз. Қоректі екі шетінен беру немесе желіні бөлек учаскелерге бөліп, әрқайсысына жеке қорек тарту қажет болуы мүмкін. Рұқсат етілетін ұзындық таңдалған лента бойынша анықталады. Негізгі тәсілдер LED-лентаны қосу және монтаждау материалында талданған.
Ылғалдан қорғаныс
IP20 нұсқасы су тимейтін, конденсат жиналмайтын құрғақ орынға жарайды. Егер шашыраған су болуы мүмкін болса, лента да, қосылыстардың бүкіл жүйесі де тиісті қорғаныс деңгейімен таңдалуы керек. Ылғалдан қорғалған лентаны кескеннен кейін қосу орындары мен ұштарын өндіруші нұсқаулығына сай герметизациялау қажет.
Шәйнек пен пісіру бетіне жақын жерде қызуды да ескеріңіз. IP деңгейінің жоғары болуы лентаны ыстық будың ағынынан қорғамайды.
Қай LED-лентаны таңдаған дұрыс
Лентаны жеке бір параметрмен емес, сипаттамалардың үйлесімі бойынша таңдаған ыңғайлы. Мысалы, ылғалдан қорғалған модель бір уақытта COB болуы мүмкін, ал ұзын желіге әрі ылғалдан қорғаныс, әрі ерекше қоректендіру сызбасы қажет болуы ықтимал.
| Тауар | Негізгі сипаттамалар | Қай кезде қарастыру керек |
|---|---|---|
| DSG2120-24-NW-33 | 24 В; 14,4 Вт/м; 1669 лм/м; 4000 К; CRI 90 | Су тікелей тимейтін жерде жұмыс жарықтандыруы үшін. |
| SWG-COB480-24-13.5-NW | 24 В; 13,5 Вт/м; 1350 лм/м; 4000–4500 К; CRI 92; IP20 | Құрғақ аймаққа, егер басты басымдық — жарықтандырудың сыртқы көрінісі болса. Бұл лентада диодтар дерлік байқалмайды, сондықтан профильге орнатқаннан кейін тұтас жарық сызығы шығады. |
| SWG-COB480-24-10-NW-67 | 24 В; 10 Вт/м; 940 лм/м; 4000 К; CRI 92; IP67 | Ылғалдан қорғаныс қажет болатын жағдайларға. Бұл лента да COB сериясынан, сондықтан ылғалдан қорғаныспен бірге жақсы түсті беру индексі бар үздіксіз жарық сызығын аласыз. Бірақ жарық ағыны алдыңғы екі модельге қарағанда сәл төмен. |
| SWG2P120-CC-24-9.6-NW | 24 В; 10 Вт/м; 1213 лм/м; 4000–4500 К; CRI 90; IP20 | Ұзын учаскелерге (5 метрден артық): бүкіл сызық бойында жарық параметрлерін тұрақты ұстауға көмектеседі. |
Профильді қалай таңдап, оны шкафтардың астына қалай орналастыру керек
LED-лентаны бекіту үшін әдетте алюминий профиль қолданылады. Бұл жай ғана сәндік бөлшек емес: профиль лентадан жылуды әкетеді, лентаны көзден таса қылады, механикалық зақымданудан қорғайды, жарық сызығын жинақы етіп көрсетеді және жарықтың бағытын қалыптастырады.
Профильдің бірнеше түрі бар:
Тік, үстінен орнатылатын профиль
Мұндай профильді аспалы шкафтардың төменгі бетіне бекітеді. Оны шкафтың алдыңғы жиегіне жақынырақ орналастырған дұрыс — сонда жарық тік төмен түсіп, үстелшенің бүкіл енін біркелкі жарықтандырады.
Егер ықшам әрі көзге көп түспейтін шешім керек болса, тік накладной профильді таңдауға болады: SF-1506-BL. Оның биіктігі небәрі 6 мм, сондықтан ол дерлік байқалмайды және ені 11,2 мм-ге дейінгі лентаға жақсы келеді.
Бұрыштық, үстінен орнатылатын профиль
Қабырға мен аспалы шкафтың төменгі жазықтығы түйіскен жерге орнатылады. Сондықтан жарық тек төмен емес, жұмыс бетіне қарай бұрышпен бағытталады.
Егер лентаны жай ғана орнатып қоймай, жарықты нақты жұмыс аймағына бағыттау маңызды болса, бұрыштық накладной профильді таңдаған жөн. Мысалы, SF-1616-3M: ол ені 8–10 мм лентаға сай келеді. Жинақта жарық сызығын біркелкілеуге көмектесетін экран бар, сонымен бірге ол пайдалану кезінде кездейсоқ тиіп кетуден және шаңнан қорғайды.
Кіріктірілетін профиль
Егер асүй әлі жобалану кезеңінде болса, ең қолайлы нұсқа — кіріктірілетін профиль. Бұл жағдайда шкафтың төменгі бөлігінде алдын ала фрезерлеу жасалып, профиль бетпен бір деңгейде орнатылады. Жарық тік төмен түседі — тік накладной профиль қолданғандағыдай.
Мысалы, SWG ассортиментінде экран және тығындарымен бірге келетін RC-2206-BL кіріктірілетін профилі бар. Ол ені 22 мм-ге дейінгі лентаға есептелген, ені 15 мм және биіктігі 5 мм дайын ойыққа орнатылады — жиһазға кіріктіруге ыңғайлы өлшем.
Маңызды! Асүй жиһазы дайын болса, кіріктірілетін нұсқа көбіне экономикалық тұрғыдан тиімсіз: бөлшектерді шешуге немесе орнында фрезерлеуге тура келеді.
Қорек көзі блогын қалай таңдап, оны қайда жасыруға болады
Блоктың шығыс кернеуі лентаның кернеуімен бірдей болуы тиіс: 24 В лентаға — 24 В блок қажет.
Жүктемені есептеу үшін 1 метрдің қуатын қосылатын жалпы ұзындыққа көбейтіңіз. Одан кейін блок өндірушісінің ұсынымына сай қуат қоры қосылады. Таңдау кезінде орнатылатын жердегі температура мен желдетілу де ескеріледі.
Блокты аспалы шкафтың ішіне, шкафтардың үстіне немесе көрші жиһаз модуліне орналастыруға болады. Қызмет көрсету үшін қолжетімділік қалдырып, жылуды таратуға жеткілікті бос орын қарастырыңыз. Құрғақ бөлмелерге арналған жабдыққа су мен конденсат тимеуі керек.
Егер блок лентадан алысқа, мысалы электр қалқанына орнатылса, сымның ұзындығы мен қимасын алдын ала есептеу қажет. 24 В қорек болғанның өзінде ұзын сымдағы шығын жарықтылыққа әсер етуі мүмкін.
Жарықтандыруды қалай қосып, қалай реттеуге болады
Ең қарапайым нұсқа — кәдімгі қосқыш арқылы басқару: бұл жағдайда желі мен қоректендіру жүйесінің арасында стандартты «қосу/өшіру» басқаруы қолданылады. Жұмыс аймағының жарығын төбедегі жарықтан бөлек басқару өте ыңғайлы.
Жарықтылықты өзгерту үшін радиодиммер қолдануға болады, мысалы RF-DIM-11-6A. Ол біртүсті ленталармен жұмыс істейді және пульт арқылы басқаруға мүмкіндік береді. Бұл дайын асүйде, қабырға қосқышына қосымша сым тартқыңыз келмегенде, өте қолайлы.
Ең ыңғайлы әрі практикалық шешімдердің бірі — қимылмен басқару. Жарықты қосу немесе өшіру үшін сенсордың алдынан қолды бір рет жүргізу жеткілікті. Бұл әсіресе тамақ дайындағанда пайдалы: қол су болуы немесе өнімге былғануы мүмкін. SR-Wind-Hand Wave қимыл сенсорын орнатсаңыз, жарықты тез қосып-өшіруге болады — процеске алаңдамайсыз әрі қосқыш бетінде із қалдырмайсыз.
Мысал: жұмыс аймағы 2,1 м дайын асүйге арналған жинақ
Аспалы шкафтардың астындағы үстелшенің түзу бөлігін жарықтандыру керек делік. Жиһазды фрезерлеу жоспарланбайды. Орнату орны құрғақ, шашыраған су мен конденсат жоқ; жарық бейтарап болуы тиіс, ал қосу — жанаспай орындалғаны дұрыс.
Осы талаптарға сай мына жинақты қарастырайық:
Лента
Бұл жерде COB орындалуы өте орынды. Диодтар өте тығыз орналасқандықтан, диффузордың астында айқын «нүктелер» көрінбей, тұтас жарық сызығы қалыптасады. Дайын асүй үшін бұл — маңызды визуалдық артықшылық: жарықтандыру жинақы көрінеді, шкаф астында жарқыраған нүктелер қатарына айналмайды. Сонымен бірге лента 1350 лм/м береді, ал CRI 92 түстердің табиғи көрінуін қамтамасыз етеді.
4000–4500 К түс температурасы асүйдегі функционалды жарық үшін қолайлы: жарық бейтарап әрі жұмысқа жайлы болады.
Профиль
Асүй дайын болғандықтан, жиһазды қосымша қайта жасап, профильді кіріктіру тиімсіз. Сол себепті бұрыштық накладной профиль таңдалды.
SF-1616-3М ені 10 мм-ге дейінгі және қуаты 20 Вт/м-ге дейінгі ленталарға есептелген, сондықтан біздің ені 8 мм, қуаты 13,5 Вт/м лентамен үйлеседі.
Маңызды: бұл жерде бұрыштық профильді «көзге азырақ түседі» деп таңдаған жоқпыз. Әдетте тік профиль сәл байқалмайырақ көрінеді. Бұрыштықтың басты артықшылығы — жарықты үстелшеге дұрыс бағыттауы.
Қорек көзі блогы
Бүкіл желінің тұтынуы — шамамен 28,35 Вт. Қуат қорын ескеріп, YA-CT-60-24, 24 В / 60 Вт моделін таңдаймыз.
Қорек блогын жақын тұрған аспалы шкафтың ішіне орналастыруға болады. Бірақ оны толық жауып тастауға болмайды: монтаждан кейін көрінбесе де, қызмет көрсетуге қолжетімділік сақталуы тиіс — жоғарыда осыны атап өткенбіз.
Басқару
Кәдімгі қосқыштың орнына SR-Wind-Hand Wave — қол сермеумен басқарылатын сенсорды қолдануды ұсынамыз.
Сенсор 12–24 В кернеуде жұмыс істейді, сондықтан біздің 24 В жүйеге сай келеді. Басқару өте қарапайым: жарықты қосу немесе өшіру үшін сенсордың алдынан қолды жүргізсеңіз жеткілікті.
Асүй үшін бұл ерекше ыңғайлы. Қол тамақ дайындаумен бос емес немесе былғанған кезде қосқышты іздеп, оған қол тигізудің қажеті жоқ. Сенсордың өзін де шкаф астындағы көзге түспейтін жерге орналастырып, асүй дизайнын бұзбай қоюға болады.
Нәтиже: Соңында біз дайын асүйге жай ғана LED-лентаны жапсырған жоқпыз. Толыққанды жүйе құрастырдық: 2,1 м жұмыс аймағы → қуатты 24 В LED-лента → бұрыштық алюминий профиль → қуат қоры бар қорек көзі блогы → қол сермеу сенсоры бар заманауи басқару.
Осылайша асүйді бөлшектеп қайта жинаудың да, дайын жиһазға жасырын профиль салудың да қажеті болмады.
Монтаж алдында нені тексеру керек
- Жабдықтың орналасуы. Профильдің, қорек блогының және басқару құрылғысының орнын нақтылап алыңыз. Жарық көзді қарықтырмайтынын және кедергі келтіретін шағылыс бермейтінін тексеріңіз.
- Компоненттердің үйлесімділігі Барлық құрылғылардың өлшемдерін, қуатын, кернеуін және рұқсат етілетін жүктемесін салыстырып шығыңыз.
- Кесінділердің ұзындығы. Профиль мен лентаны қажетті ұзындықта дайындаңыз. Лентаны тек арнайы белгіленген жерлерінен ғана кеседі.
- Бекіту және қосу. Барлығын жабдық нұсқаулығына сай орындаңыз. Монтаж қорек ажыратылған кезде жасалады; блокты желіге қосуды білікті маманға тапсырған дұрыс.
- Жүйенің жұмысын. Сымдарды толық жауып тастамай тұрып, жарықтың біркелкілігін, басқарудың жұмысын және қорек блогына қолжетімділікті тексеріңіз.
Таңдауға көмек керек болса, жарықтандыру ұзындығын, шкаф өлшемдерін және жұмыс аймағының фотосуреттерін дайындаңыз. Осы деректер SWG мамандарына үйлесімді компоненттерді және орнатудың қолайлы тәсілін ұсынуға көмектеседі